ИНФОРМАЦИОННЫЙ САЙТ АКИМА ЖАКСЫНСКОГО РАЙОНА

www.zhaksy.gov.kz

k.zhilkaidarov@akmo.gov.kz

 

 

Одобряю Не одобряю Затрудняюсь ответить


«Отаныма деген менің бастамам» атты облыстық шығармашылық жобалар байқауы

Көкшетау қаласы №1 құрылыс-техникалық колледжінің базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Отаныма деген менің бастамам» атты облыстық шығармашылық жобалар байқауы өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы.

Аталған шараға облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы байқаудың аудандық, Көкшетау және Степногорск қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысқан.

Байқаудың мақсаты: балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің арасындағы балалар мен жастар бастамаларының дамуына ықпал ету. Ал,  балалар мен жастардың назарын әлеуметтік өзекті мәселелерге аудару, әлеуметтік-шығармашылық белсенділіктерін, өзін-өзі дамыту қажеттілігін жетілдіру, азаматтық және құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, инновациялық бастамалар мен стартаптарды жүзеге асыру алаңын құру, қоғамдық белсенділік пен әлеуметтік жобалау дағдыларын дамыту, балалар мен жастардың табысты жобалық тәжірибелерін бағалау және тарату, іс-шараларға тарту арқылы балалардың қосымша білім берумен көп қамтылуына ықпал ету байқаудың негізгі міндеттері болып табылады.

Айта кеткен жөн, жобалар «Өз жылуыңмен бөліс!», «Туған қалама – ізгі істер», «Мен – Қазақстан азаматымын», «Медиа жобалар», «Менің кіші Отаным», «Қазақстанның жеті кереметі», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы», «Жаңару полюсі», «Киіз үй –ғаламзаттың моделі» номинациялары бойынша өткізілді.

Әр номинацияның өз тақырыптық бағыттылығы, мақсаты, іске асыру әдісі, көрнекті құралдары, техникалық тәсілдері, заман сұраныстарына сәйкестілігі бар.

Шығармашылық жобалар байқау шарттарына сәйкестілігі, жобаның әлеуметтік тиімділігі, міндеттеріне қарай әрекеттер жоспарының болуы, жобаны іске асыруға қажетті талаптарды сипаттау, автордың жеке өзі қосқан үлесі, жұмысты рәсімдеу сияқты белгілерге қарай бағаланды.

Страница создана: 17.07.2018 10:15
Страница обновлена: 17.07.2018 10:15
Просмотров: 80

Текст